Текст

Құрметті сайт қонақтары!
Біз білім алуға қызығушылық танытқан интернет желісінің барлық пайдаланушыларын біздің сайт беттерінде қарсы алуға қуаныштымыз.
Біздің сайт ең алдымен, балаларды оқыту шарттары туралы, мектеп өмірі туралы, біз мақтан тұтатындар туралы және басқа да көп нәрселерді хабардар ету үшін құрылған.
Бұл ретте осындай өзара іс - қимылдың басты және жалғыз шарты-бір-біріне қызықты және пайдалы болуға екі жақты ниет.
Біз сіздерді ақпараттық ресурстың беттерінде жиі болуға, мектеп өмірі, білім беру және тәрбиелеу мәселелерін талқылауға қатысуға шақырамыз.
Құрметпен мектеп директоры Айсауле Оразбаевна Алибекова
22.04.2026
📢 Құрметті ата-аналар!
Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында төмендегі әрекеттерге қатаң түрде тыйым салынады:
🎓 4, 9 және 11-сынып бітіруші оқушылары үшін:
• Мектеп қажеттілігіне ақша жинау;
• Аниматорлар,...
17.04.2026
Бүгін 2026 жылдың 17 сәуірінде, Көкшетау қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында АӘжТД мұғалімдеріне арналған қалалық нұсқаулық-әдістемелік семинар өтті.
https://www.instagram.com/reel/DXOypx9jenw/?igsh=YWo3bGU0emc3c2ww
Бүгін, 2026 жылдың 17 сәуірінде, Көкшетау қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында АӘжТД мұғалімдеріне арналған қалалық нұсқаулық-әдістемелік семинар өтті.
📍 Семинар тақырыбы:...
06.04.2026
02.04.2026ж. ✨ 8–9 сынып оқушыларының кәсіби бағдар беру экскурсиясы ✨
02.04.2026ж.
✨ 8–9 сынып оқушыларының кәсіби бағдар беру экскурсиясы ✨🏗️
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 8–9 сынып оқушылары Көкшетау қаласындағы Құрылыс-технологиялық колледжіне барды. Бұл іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауына маңызды қадам болып,...
31.03.2026
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау тіртібі өзгерді.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
📢 2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы маңызды ақпаратпен танысыңыздар!
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жаңа нұсқаулығына сәйкес (2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хат), биыл құжаттарды қабылдау мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.
🗓...
20.03.2026
17 наурыз 2026 жылы мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы: «Оқушыларға психологиялық және педагогикалық қолдау: жаңа тәсілдер мен мүмкіндіктер»
https://www.instagram.com/reel/DWGxXI1jQxB/?utm_source=ig_web_copy_link
17 наурыз 2026 жылы мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс Наурыз мерекесі қарсаңында оқушылардың концерттік бағдарламасымен ашылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жиналыстың тақырыбы:
«Оқушыларға...
06.03.2026
8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы Кошанова Айгерім Болатовна педагогика саласының ардагері Оспанова Алтынай Еслямбековнаға «Еңбек ардагері» медалін табыстады. Алтынай Еслямбековна Көкшетау қаласындағы №7 орта мектепті 18 жыл бойы басқарды. Білім беру жүйесінің дамуына және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін ол «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» құрметті атағымен марапатталған. Алтынай Еслямбековнаны мерейтойымен және келе жатқан 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз.
https://www.instagram.com/reel/DVh4eIIiGJ3/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
06.03.2026
Мектеп оқушылары Қайрат Ералы, Қайрат Нұралы, Амантай Назерке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы Абильгазин Азамат Мекебаевичтің жетекшілігімен жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 5–6 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен өткен облыстық жарыста II орынға ие болды. Бұл жоғары нәтижеге жаттықтырушының кәсіби шеберлігі мен тәлімгерлік еңбегінің, сондай-ақ оқушылардың табандылығы, еңбекқорлығы және жеңіске деген ұмтылысының арқасында қол жеткізілді. Жеңімпаз оқушылар мен олардың жаттықтырушысын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, республикалық деңгейде жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз
06.03.2026
Орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында Ш. Уәлиханов атындағы университеттің жалпы тіл білімі және әдебиет кафедрасы көрнекті ақын, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің мерейтойына арналған көркемсөз оқу байқауын өткізді. Қазақ тілінде оқытатын 9-сынып оқушысы Исаев Ахмет байқауға қатысып, «Айналайын» өлеңін оқыды. Байқауға қатысу ол үшін қызықты әрі пайдалы тәжірибе болды. Ахмет өнер көрсету жарқын әсер сыйлағанын, Олжас Сүлейменовтің шығармашылығымен тереңірек танысуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Осындай іс-шаралар оқушылардың әдебиетке және көркем сөзге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
04.03.2026
03.03.2026 ж. №7 ОМ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, қаңтар айы – «Жасампаздық және инновация» бағыты бойынша облыстық медиажоспарға сәйкес «Әжемнің сандығының құпиялары» атты шеберлік сабағы өтті. Іс-шара барысында мектептің «Әжелер» клубы мүшелері өздерінің қолөнер туындыларын таныстырып, кесте тігу, ою-өрнек салу, жүн түту сынды ұлттық өнер түрлерінің қыр-сырымен бөлісті. Әрбір бұйым – мейірім мен еңбектің, сабыр мен шеберліктің жемісі екені ерекше аталып өтті. Шеберлік сабағы жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды қастерлеуді, ата-баба мұрасын құрметтеуді және шығармашылыққа ұмтылуды насихаттаған тағылымды кездесу болды.
https://www.instagram.com/reel/DVbNheAjXsr/?igsh=MXI5Mmhnc3czdnUxdA==
18.02.2026
10.02.2026 жылы №7 жалпы орта білім беретін мектебі базасында, Ақмола облысы білім басқармасы және Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі қолдауымен «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Рухани қазына – Адал азаматтың бейнесі» тақырыбында халық шығармашылығы байқауы өтті. Қосымша тақырып: «Мен – Тәуелсіз елдің ұрпағымын!». Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар патриоттық әндер орындап, ұлттық билер билеп, «Адал азамат» тақырыбында тақпақтар оқыды. «Хас сұлу» ансамблінің бишілері, мектеп хоры және жеке орындаушылар өнер көрсетті. Кештің мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге рухани әсер сыйлады. @aqmola.oblysy.adal_azamat @aqmoedu @bilim_bolimi_kokshetau #біртұтастәрбиебағдарламасы #Адалазамат
https://www.instagram.com/reel/DU5gfryDbyq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==