Текст
15.04.2025
Ата-аналарға арналған жадынама баланы суға батудан қалай қорғауға болады ?
01.04.2025
Бірінші сыныпқа құжаттарды баланың ата-аналарынан және заңды өкілдерінен қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін «Egov.kz электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады. Мектептер бірінші сыныпқа балаларды алты жастан және 2025 жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды қабылдайды. Мектептерге қызмет көрсету аумағы бекітілген. Мектеп қабылдау кезінде дайындық деңгейіне қарамастан, қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі - порталға: 1) “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау” мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші; 2) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген “Профилактикалық екпелер картасы” № 065/у нысанды және “Бала денсаулығының паспорты” № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар; 3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi. Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептеріне қабылдау мәселелері бойынша 50-19-70 телефоны бойынша хабарласуға болады.
27.03.2025
Халықтың 70%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп есептейді – зерттеу Халық саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға қалыпты оптимистік баға беріп отыр. Қоғамдық саясат институтының зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 70%-дан астамы Қазақстан дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды. Негізінен ауыл тұрғындары (80,7%), 24 жасқа дейінгі жастар (78,9%) мен әйелдер (72,2%) осындай пікірде. Халық саяси (76,5%) және әлеуметтік-экономикалық (67% ) жағдайға қалыпты оптимистік баға беріп отыр. Бұл нәтижелерді елде жүргізіліп жатқан реформалардың оң қабылдануымен байланыстырады. Қоғамдық-саяси салада азаматтар ауыл-аудан әкімдерін тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болды. Сайлау жүйесі ашық бола түсті. Конституциялық сот қалпына келтірілді. Гендерлік теңдік бастамалары әйелдерге саясат пен қоғамдық өмірге белсенді араласуға мүмкіндік берді. Әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер бюджет саласының қызметкерлерінің табысын айтарлықтай арттыруға, ауқымды қолдау бағдарламаларын іске қосуға, жер ресурстарына әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге, қауіпті және зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдардың зейнет жасын төмендетуге мүмкіндік берді. Жалпы сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттерді 89%-ы өз көңіл-күйін оң бағалайды. Негізінен 18-35 жас аралығындағы жастар, бойдақтар, отбасылы адамдар, жоғары білімі бар адамдар позитив көңіл-күйде.
18.03.2025
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау"мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында тікелей эфир
https://www.instagram.com/reel/DHVCO6etBKp/?igsh=MW02NDB0NWJqcTc5bw==
17.03.2025
18.03.2025 жылы сағат 10: 00-де "Мемлекеттік қызмет: 1-сыныпқа қабылдау"бойынша тікелей эфир өткізіледі
17.03.2025
Ұлттық құрылтай 2025 жыл
12.03.2025
МЕН ҚҰҚЫҒЫМДЫ БІЛЕМІН
https://www.instagram.com/p/DHFY5G8oYSc/?igsh=bGIxcmw1M2V0N2ln
27.02.2025
Мектепке дейінгі ұйымнан шығару және 1-сыныпқа қабылдау туралы ақпарат
Мектепке дейінгі ұйымнан шығару
және 1-сыныпқа қабылдау туралы ақпарат
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңының 30-бабына сәйкес 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқыту отбасында...
21.02.2025
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері
https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/788198?lang=ru&ysclid=m6hgae44kv894867099
https://drive.google.com/file/d/1dAdnNu1MXGrPzMjW_8Xl2X4CkScADbei/view?usp=drive_link
13.02.2025
80% жағдайда сәтті кибершабуылдар ұйым қызметкерлерінің немқұрайлылығынан және цифрлық қызметтерді пайдалану кезінде Киберқауіпсіздіктің негізгі принциптері туралы азаматтардың білімінің жеткіліксіздігінен туындайды. Портал citizensec.kz халықтың кибергигиенасын арттыруға бағытталған (https://citizensec.kz/awareness ) Интернеттегі қауіпсіздік, оның ішінде пароль саясаты, фишинг, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, дербес деректерді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қорғау және т.б. туралы әңгімелейтін қысқа роликтер арқылы. Кибергигиена мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өткен жөн (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысы).