Текст
04.05.2024
Ата-ана бақылау. Баланың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары.
04.05.2024
«№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 8-11-сынып оқушылары арасында «Ұмытылмас ерлікке мәңгі тағзым» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу, оқушылардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабамыздың ерлік ісін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/C6gGi91sp6O/?igsh=MWM3c3NnanFpbjJnNg==
04.05.2024
5 «Б» сыныбында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» тақырыбында сынып сағаты өтті. Көктемнің бұл жарқын мерекесі Қазақстанда жыл сайын 1 мамырда тойланады. Сынып жетекшісі Кабзулдинова Л.Е.
04.05.2024
30.04.2024 ж 0-4 сыныптар арасында 9-мамыр ұлы жеңіс күні мерекесіне орай мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыста тақпақты мәнерлеп айтып, өз өнерлерін көрсетіп, белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Жауапты мұғалімдер: Мурат Б, Тульткенова А.К.
https://www.instagram.com/reel/C6fgyKrIGor/?igsh=NHEwMDBuMjNoY3Yx
04.05.2024
Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 1-11 сынып оқушылары үшін «Соғыс туралы кітап, жүрекке қымбат» атты кітап-иллюстрациялық көрме ұйымдастырылды. Жауапты мұғалімдер: Рахимжанова Б.Ш., Исетова Б.К.
04.05.2024
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» қалалық іс-шарасы аясында № 7 жалпы орта білім беретін мектеп, №19 орта мектеппен бірлесіп Қазақстан Республикасы халықтарының сәндік-қолданбалы өнері көрмесін ұйымдастырды . Көрмеде Әзірбайжанның халық қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылды.
https://www.instagram.com/reel/C6dKBDyMfIe/?igsh=M2h6enFqcWNvYXJn
11.04.2024
«Көкшетау қаласы №7 ЖОББМ» 09 сәуір күні Көкшетау станциясы ЖПБ ӘПБ аға инспекторы полиция капитаны Малгаждаров Е.М., Көкшетау көлік прокуратурасының прокуроры Махатова А.Б., Көкшетау станциясы «ӘТЖК» ЖШС АК басшысының орынбасары Жагипаров А.К., Көкшетау станциясы ПЧ-15 Көкшетау жол қашықтығының жетекші инженері Нурушев О.Е. келіп, темір жол бойындағы құқық бұзушылықтардың және темір жол көлік нысандарында адам жарақатының алдын алу мақсатында, «Темір жол - жоғары қауіпті аймақ» тақырыбында баяндама оқып, басқа да заңбұзушылықтар туралы әңгіме жүргізілді.
09.04.2024
Су тасқыны кезінде не істеу керек ?
27.03.2024
Болашақ бірінші сынып оқушылары ата-аналарының назарына !
⌛ Білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа қабылдау бойынша өтініштер 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін қабылданады.
👭 1-сыныпқа оқуға балалар тестілік немесе конкурстық рәсімдерді қолданусыз алты жастан қабылданады. Қабылдау даярлық деңгейіне қарамастан білім беру...
19.03.2024
«Көкшетау қаласы №7 ЖОББМ» 18 наурыз күні «Наурызнама» іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Наурыз – жыл басы» атты мерекелік концерт өтті. Мақсаты: оқушылардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыра отырып, салт – дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстыру. Іс-шара барысында мың бұралған биші қыздарымыз би билеп, оқушылар көңілді ән салып, өлеңдерді нақышына келтіре орындап, көрермендердің көңілінен шыға білді. Жауаптылар: М.М.Жусубалина, С.О.Жакимова, Б.Ш.Рахимжанова, К.О.Зулкишева, А.А.Умірбай, А.Е.Токтамысова.
https://www.instagram.com/reel/C4rj9SoILW-/?igsh=MTFoa3EwOHd1dHVraw==
Ұйымдар тізімі